«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы болып қала әкімі И. Тасмағамбетов сайланды
13:15, 21 Қаңтар 2011
АНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы болып қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов сайланды.
Сайлау бүгін партияның елордалық филиалының ХІV есеп беру-сайлау конференциясында өтті. Жиынға қатысқан 237 делегат И. Тасмағамбетовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, «Нұр Отанның» қалалық филиалын И. Тасмағамбетов 2008 жылдың желтоқсанынан басқарады. Кеңеске қатысқан ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдар ішінде партия жұмысы жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін, сондай-ақ партиялық құрылымның белсенділігі артып, мүшелік құрамы ұдайы өсу үрдісін көрсетіп отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, осы жиын барысында партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рақымжанов өз қызметіне қайта сайланды.