ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - 'Нұр Отан' ХДП Жаңақала аудандық филиалының басшысы, аудан әкімінің орынбасары Закария Сисенғали партияның 10 жылдығына орай Елбасының алғысхатымен марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
З.Сисенғали аудандық бөлімшеге он жылдан бері үздіксіз жетекшілік етіп келеді. Ол - сонымен қатар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы. Бұдан бұрын Закария Сисенғали еліміздің мемлекеттік сайлау органдарының құрылғанына 15 жыл толуына орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының алғысхатына да ие болған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).