ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет пен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл - партияның облыстық филиалы мен департамент арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа жол ашатын алғашқы құжат. Облыстық қос құрылым да қоғамның түрлі салаларында демократиялық өзгерістерді орнықтыруда, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау кезінде заңбұзушылыққа жол бермеу бағытында күш біріктіру жөнінде ортақ тоқтамға келді.
Елбасы тапсырмаларына сәйкес «нұротандықтар» мен ішкі істер органдары бірлескен шараларды қолға алмақшы. Мәселен, маусым айында жол полициясы басқармасында азаматтарды қабылдайтын «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық бекеті ашылады. БАҚ өкілдерімен бірлескен рейдтер жалғасады. Негізгі бағыттар бойынша бірлескен жоспарлар жасалады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).