«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп бір ай мерзім ішінде «Нұр Отан» ХДП хатшылығына Ұлттық іс-қимыл жоспарын толықтыруға байланысты ұсыныстар енгізсін»,-деді С. Ахметов.
Бұдан бөлек, Премьер-Министр бір апта ішінде Үкіметке партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысы туралы мониторингін жақсарту бойынша Мемлекет басшысының атына жолданатын хаттың жобасын енгізуді тапсырды.
«Тұғырнаманы іске асыру барысына бақылау жасауды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевқа жүктеймін»,-деді Үкімет басшысы.