Оның жұмысына Кеден одағының 3 қатысушы мемлекеттері - Қазақстан, Ресей және Беларусьтың балалар ұйымының мүшелері қатысты. Балалар Астана қаласына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойы мен елорданың 12 жылдығына орай ұйымдастырылған шараларға қатысуға келген еді.
«Біздің елдерде қазіргі күні жастарға көп көңіл бөлінуде. Бұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені осы арқылы сіздер пікірлесіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік аласыздар. Менің ойымша, осы секілді шаралар арқылы сіздер төзімділік пен достыққа үйренесіздер», - деп атап өтті С.Громов.