«Нұр Отан» ХДП Мұнайлы аудандық аумақтық филиалы республикалық «Отандастар» акциясын ұйымдастыруға байланысты отырыс өткізді

None
ҚТАУ. Маусымныңі 18-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - «Нұр Отан» ХДП Мұнайлы аудандық аумақтық филиалы республикалық «Отандастар» акциясын ұйымдастыруға байланысты отырыс өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық партия өкілдері қатысқан жиында халықтың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін жинау бойынша акцияны ұйымдастыру тұжырымдамасы түсіндірілді.

Әр мекемеден келген басшыларға қызметкерлерінің ұсыныстары мен тілектерін жинайтын акцияның арнайы бланкілері таратылып берілді.

Аталған бланкіге әрбір қазақстандық азаматтың өз идеяларын, еліміздің гүлденуі үшін маңызды ұсыныстарын және көкейде мазалап жүрген ойлары мен Елбасына арналған лебіздерін де жазуына болады.

Отырыста елімізде, өңірімізде атқарылып жатқан көптеген игі бастамалардың партияның арқасында жүзеге асып жатқаны атап өтілді. Соның бір жарқын көрінісі - «Жасылдандыру», «Жасыл бақты Маңғыстау» шаралары. Жас шыбықтарды сәбиге арнап өсіру, жас жұбайларға өсіру деген сияқты біршама жұмыстар атқарылды.

«Бұл тал өсіру деген тек жерімізді көгалдандыру үшін ғана емес, халық арасында осы бағытта бәсекелестікті тудыруда да өте қызық жұмыс болып отыр. Ағаш еккен әрбір адам өзі отырғызған шыбыққа баласындай қарап, тек ол қурап қалмаса екен деп мәпелеп күтіп жүргендерін көріп жүрміз. Халқымыз өзі куә болып, игі бастамаларға мұрындық болып отырған біздің партиямыз. Бүгін міне, «Отандастар» акциясы аясында таратылған бланкілерді толтыруда азаматтар өзекті мәселелерді ғана айта бермей, сол мәселелерді қалай шешуге болады, мысалы, тұрғын үй тақырыбына келгенде, қандай бағдарламалар қабылдаған дұрыс деген сияқты ойларын білдірсе екен дейміз», -дейді «Нұр Отан» ХДП Мұнайлы аудандық аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Құли.

Бұдан да басқа партия көлемінде жүзеге асқан ауқымды шаралардың бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналды.

Осындай игілікті істердің бастаушысы болып жүрген партия жұмысына халықтың айтар алғысы мен қосар пікірі акцияның бірінші кезеңі маусым айының аяғына дейін жиналып болуы тиіс.