«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ауылда қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүргізді
16:50, 29 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы Ақжайық ауданы Бударин ауылында қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүргізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжан Мұхтарова тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтаждарымен танысты. Ауылдағы әлеуметтік нысандарда болған «нұротандықтар» жергілікті тұрғындарға халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
Аталмыш шара «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру, тұрғындардың қатысымен ауылдың өзекті мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.