олардың туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Филиалдың қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің жетекшісі Бауыржан Ыбыраевтың айтуынша, балғындар «Бурабай» қысқы спорт кешенінде өткен облыстық байқауда жүзден жүйрік шығып, республикалық сайыста өңір намысын қорғап келгендер. Енді, міне жүзден жүйрік шыққан «Ерекше техникасы үшін» аталымының жүлдегерлері 10 жасар Диана Неғметжанова мен 7 жасар Әлішер Мүсірәминова, «Ең жас қатысушы» номинациясында жеңімпаз атанған 4 жасар Женя Щегловская жерлестері алдында есепті көрмелерін ұсынып отыр. Атап өтер жәйт, олардың барлығы дерлік облыстық балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері. Шәкірттерінің бұл табыстарына ұстаздары Роза Мажикова, Оксана Ягнюк, Талғат Маженовтың қуаныштары ерекше. Балғындар байқаудың тартысты өткені, онда 200-ге тарта жұмыс қазылар алқасының назарына ұсынылғаны турасында әңгімелеп берді. Жүлдегерлердің салған суреттері, қолдан жасалған сан алуан бұйымдары көпшілік көңілінен шығуда.