«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы есеп беру-сайлау конференциясын өткізді
Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі Өмірзақ Шөкеев қатысты.
««Нұр Отан» қазір дамудың сапалы жаңа сатысына шықты. Президенттік партия бүкіл қазақстандық қоғамның күшін біріктіре отырып, ұзақ мерзімді бағдарламаларға жан бітіруде, олардың қатарында елдің 2020 жылға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы да бар», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.
Шымкентте өткізілген конференцияға аймақтың түкпір-түкпірінен 421 делегат жиналды. Қазіргі күні облыста 302 бастауыш ұйым жұмыс жасап жатыр. Олар, партиялықтардың ойынша, - «Нұр Отанның» күші мен қуатының негізі. Өз сөздерінде конференцияға қатысушылар атап өткендей, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы партиялық-саяси жүйені жетілдірумен, оның авангарды - «Нұр Отан» партиясымен, әрине, оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты.
«Партия басшысының сындарлы саясатының арқасында біз өз бағдарламамызда 10 жыл ілгері міндеттер мен атқарылар істерді белгілеп алдық. Тағы бір айта кетер жәйт, біздің ел тарихи сәт - Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзартуға халықтың ұмтылысы алдында тұр», - деді Өмірзақ Шөкеев.
«Біз, президенттік партияның мүшелері ретінде қолдан келгенше елді даму және реформалау стратегиясын қолдап отырамыз. Біздің конференцияға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілік мерзімін 2020 жылға дейін ұзартуға арналған референдум өткізу бастамасын бірауыздан қолдайды», - деді «Нұр Отан» ХДП Төлеби аудандық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі Светлана Шишкина.