«Нұр Отан» ХДП съезіне Семейден бес делегат қатысады

None
СЕМЕЙ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XII съезіне Семей қаласынан бес делегат – қала әкімі Мейрамхат Айнабеков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің басшысы Ғаббас Ыбыраев, депутаттық фракцияның жетекшісі Ерлан Сыдықов, Жиенәлі ауылдық округінің әкімі Арынғазы Сыдықов және партияның
Орталық Кеңесінің мүшесі Зұлфия Жамалитдинова қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алдағы съезде біздің ауыз толтырып айтар істеріміз аз емес, ? деді Зұлфия Жамалитдинова. ? Біздің филиалда қоғамдық қабылдау белсенді жұмыс істейді, қалалықтар оған өз проблемаларымен және ұсыныстарымен келіп тұрады, күніне біздер 50 адамға дейін қабылдаймыз».Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары З.Жамалитдинованың ақпараты бойынша, бүгінгі күні партия ұйымының басты міндеті ? жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу. Еңбек кодексін бұзған кәсіпорындарға қатаң бақылау жүргізіледі, қысқартулардың себептері сарапталады.Қазір Семейде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қатарында 12 мыңнан астам адам бар. Қалалықтардың партияға деген сенімі арта түсуде.