1970 жылы пайдалануға берілген бұл стадионның халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 40 жыл болды. Содан бері 2004 жылы ғана күрделі жөнделіп, біраз жақсарып қалып еді. Сол жылдары бұл кешен жанынан қосымша футбол алаңы салынған. Әйткенмен, мұның бәрі халықаралық стандартқа сай келмейтін. Осының салдарынан жергілікті «Қайсар» командасы УЕФА жарыстарына жіберілмей қойған.
Енді заманның осындай талабына сай биыл «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде аталмыш стадионды қайта жабдықтап, жарақтандыру жұмыстары қолға алынған.