Азаматтарды қабылдаудан соң Н.Нығматуллин партияның облыстағы бастауыш ұйымдарының хатшыларымен кездесті.
12:10, 25 Тамыз 2010
«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматуллин Қызылордада жеке азаматтарды қабылдады
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин бүгін партияның Қызылорда облыстық филиалы ғимаратында жеке азаматтарды қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Партия жетекшісінің орынбасары бірқатар мәселелерді қабылдау барысында бірден шешіп берсе, тағы бір мәселелерді талдап қарауға уәде берді.