деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш партия ұйымының қызметкерлері қызылағаштықтардың күнделікті қажетті заттарын жеткізіп беруді, көңіл-күйлерін біліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үй салудағы жер телімдерінің дұрыс бөлінуі мен рәсімдеуге көмектесуде.
Сондай-ақ Қызылағаш ауылдық аумағының Егінсу ауылының тұрғыны, І топ мүгедегі Еркінбек Яхияға қол арба қажеттігін анықтап, «Спецавтоцентр Таврия» ЖШС-нің бас директоры Сергей Овсяниковты демеушілікке тартып, қол арба алып берген.
Сол сияқты Панфилов аудандық «Көктал-Арасан» шипажайының бас дәрігері, Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Құрманжан Ахметқалиев қызылағаштық 10 баланың жазғы демалысын шипажайда өткізуіне қол жеткізген.
Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жасыл ел» республикалық штабының 160-тан астам еңбекші жасағы Қызылағаштағы өзен бойынан болашақ саябақ ретінде белгіленген орынға 5 мың түп ағаш отырғызған.
Еңбекші жасақ 2 ай бойы Қызылағаш ауылын қалпына келтіру жұмыстарына атсалыспақ. Олар еңбекақымен, жұмыс киімімен, медициналық көмек және тамақпен қамтамасыз етілген.