Nur Otan-ның астаналық филиалы президенттік сайлауға қолдау білдірді
«Nur Otan партиясы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу бастамасын толығымен қолдайды. Ағымдағы жылы 10 сәуірде партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезін өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын. Съезд 23 сәуірде өтеді. Nur Otan көшбасшы партия ретінде сайлауға белсенді түрде қатысатын болады», - дейді филиал төрағасының орынбасары Бақыт Сапаров.
Конференция барысында делегаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» жобалары қаралды. Мәселен, «Халыққа көмек» қазірдің өзінде халықпен кері байланыс жүйесін қалыптастырудың тиімді құралына айналды.
Конференция қатысушылары Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінің жұмысына қатысатын делегаттарды анықтады.