«Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.
Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:
1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы», - деп жазды А.Оралов Facebooк-те.
Еске салайық, партияның кезектен тыс съезі 1 наурызда өтеді.