Әр қала мен ауданда партия өкілдері жастармен, кәсіпкерлермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, зейнеткерлермен, жұмысшылармен, аграршылармен, зиялылармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері елорда тұрғындарымен жүздесті.
Атап айтқанда, «Астана – Жаңа қала» ЕЭА Индустриалдық паркі кәсіпорындарының басшыларымен және «Modex Astana» модульді үй салу зауытының ұжымымен кездесті.
Бұдан кейін партия мүшелері «Назарбаев Университет» ғалымдарымен және «Jas Otan» белсенділерімен кездесу өткізді.