Партия мүшелері Чапаево ауылында орналасқан «Қызылжар сүт» базасында өңірдің ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары мен жұмысшыларымен кездесті.
Сонымен қатар, осы күні Бескөл ауылында партия мүшелері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірге қоныс аударған отбасылармен кездесіп, олармен бірге Солтүстік Қазақстан облысының алдағы даму жоспарын талқылады.
Бұдан кейін Петропавл қаласында сайлауалды штаб өкілдері бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жүздесті.