«Нұр Отан» партиясы Алматы облысының мәслихаты депутаттығына 44 кандидатты ұсынды (ФОТО)
Күн тәртібінде үш мәселе қарастырылған: «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясының атынан облыстық мәслихатқа кандидаттар тізіміне ұсыныстар енгізу, сондай-ақ партия Кеңесінің облыстық филиалы құрамына өзгерістер енгізу.
Конференцияда негізгі баяндаманы облыс әкімі Амандық Баталов жасады. Өз сөзінде әкім Мемлекет басшысының Астанада партияның XVII съезінде қойған негізгі міндеттерге тоқталып, сондай-ақ облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы баяндап берді.
Конференция барысында облыстық мәслихат депутатына 44 кандидат ұсынылған, сондай-ақ партия Кеңесі облыстық филиалының құрамына Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев енгізілген.
Шараның соңында дауыс беру өтіп, оның қорытындылары бойынша конференцияда аталған барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.