«Нұр Отан» партиясы барлық саяси күштермен сындарлы өзара әрекеттестікке дайын - Н. Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» еліміздегі барлық саяси күштермен сындарлы өзара әрекеттестікке дайын. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Мен партиялық барлық филиалдар мен ұйымдардың сайлауалды жұмыстарына жеміс, сайлау науқанында жеңіс тілеймін. Біздің әрбір сайлаушыларымызға сайлауалды бағдарламаны жеткізу керек. Тұрақтылықта тіршілік ететін, бірлік пен гүлденген Қазақстан - бұл біздің ортақ мүддеміз», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің алдағы сайлауына қатысты партияның тізімге енген үміткерлеріне де жеңіс тіледі.
«Сайлауға әлемнің көптеген елдерінен байқаушылар қатысады. Сондықтан да, сайлау әділ, таза және бәсекелескен жағдайда өтуі кекрек. Кандидаттар өз істерін біліп, жұртшылыққа партия қызметін жете түсіндірулері және жоспарларын жеткізулері керек.
Депутаттыққа кандидаттардың жаңартылған тізімі халықтың өкілдердің құрамын жасартып отыр, сонымен қатар, бұл кезеңде қажетті мамандар да толық қамтылуда», - деді Н. Назарбаев.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысы «Нұр Отан» саяси партиясы еліміздегі барлық саяси күштермен сындарлы өзара әрекеттестікке дайын екендігін мәлімдеді .