«Нұр Отан» партиясы «Еуропаға жол» бағдарламасының орындалуына атсалысуы керек - Елбасы
16:29, 15 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отан» партиясы «Еуропаға жол» бағдарламасының орындалуына атсалысуы керек.
Бүгін «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезі барысында сөз сөйлеген партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2010 жыл - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жылы. Бұл біздің баршамыз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Біз ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерге беделді ұйымға төрағалық етуге сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз. Сонымен бірге осы беделді миссияны лайықты атқару үшін белсенді жұмыс жасауға кірісуге тиіспіз. Осы бағытта «Нұр Отан» партиясы «Еуропаға жол» бағдарламасының орындалуына, оның тиімді жүзеге асуына жұмылуы, атсалысуы қажет», - деді Мемлекет басшысы.