Бұл туралы бүгін партияның Орталық аппараты ғимаратында өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев мәлім етті.
Праймериз - бұл партияішілік сайлау үдерісі, оның қорытындысы бойынша саяси партиядан мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат таңдалады. Сондықтан да, праймериз мақсаты негізгі сайлаулардағы партия мүшелерінің ынтымақты дауыс берулеріне қолжеткізу болып табылады.
«26 қаңтар мен 4 ақпан аралығында республика бойынша 3,3 мыңнан астам партиялық праймериз жүргізілді. Партия ішіндегі бұл сайлауға шамамен 340 мың нұротандықтар қатысты. Праймериз жеңімпаздары 12 ақпанға дейін өтетін партиялық конференцияда аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттарға кандидат ретінде ұсынылатын болады», - деді хатшы Қ. Жұмашев.