Nur Otan партиясы Қазалы қаласын газбен жабдықтауға ықпал етеді

None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан аудандык мәслихат депутаттығына кандидат Жанат Қуанышқызы Көланова Қазалы қаласындағы ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Кездесуде кандидат «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасымен таныстырды.

«Партия өз бағдарламасында күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қамтып отыр. Оның бірі, барлығыңыздың көкейіңіздегі сауал - газбен қамтамасыз ету мәселесі. Осы орайда партия 2021 жылы Қазалы қаласын (58,9 шақырым) газбен жабдықтауға ықпал ететін болады. Осы шаралар нәтижесінде 7800 тұрғын газбен қамтамасыз етіледі», -деді үміткер Жанат Қуанышқызы.

Үміткермен кездесуде ардагерлер кеңесінің мүшелері Садырбек Каниев, Өмірбек Тлеубергенов сөз алып, өз ұсыныстарын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.