«Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры болып Айнагүл Шайкенова тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының жұмысын«қайта жаңғырту» аясында Стратегиялық бастамалар институты Қоғамдық саясатинституты болып қайта құрылды. Партия төрағасының бірінші орынбасары БауыржанБайбек институттың жаңа басшылығына партияның қызметіне жедел қолдау көрсету,сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеуді кеңейту мақсатындақолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізудің нақты міндеттерін қойды.

Айнагүл Шайкенова әр жылдарыҚостанай облысының әкімдігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісімминистрлігінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Ақпараттық технологиялар институтыдиректорының орынбасары, Әлеуметтік технологиялар орталығының атқарушыдиректоры және т.б. қызметтер атқарды.

Соңғы жаңалықтар