Жанат Қожахметов Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығында, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2010 және 2014 жылдары - мемлекеттік инспектор, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2014 жылдың ақпанынан қаңтарына дейін - Тұтынушылар құқын қорғау бойынша ҚР Агенттігінің жауапты хатшысы.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.