«Кезектен тыс сайлауға үміткер партия съезінде ұсынылады. Әзірге жиынның өтетін мерзімі айқындалған жоқ. Бәлкім, сәуір айының соңына қарай болып қалуы керек. Біз процедураға сай әрекет етеміз. Съезде көпшіліктің - партия мүшелерінің даусымен кандидатура бойынша шешім қабылданады», - деді партияның баспасөз хатшысы Әлия Буриева ҚазАқпарат тілшісіне.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.