«Нұр Отан» партиясы жастар арасында инновациялық жобалар байқауын өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін баспасөз конференцияда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов «NURINTECH» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының басталғандығы туралы жариялады.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқаудың мақсаты - жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне және ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу. 

Байқау жеңімпаздары 5 номинация бойынша келесі бағыттарда анықталады: агроинновация, химиялық технология, нано технология және биотехнология, жасыл энергетика, робототехника, жол қозғалысының қауіпсіздігі, ақпараттық және авиағарыш технология, медициналық техника және технология, 3D индустрия, әлеуметтік инновациялар және т.б.
Конкурсқа келген өтінімдерді әділ бағалау мақсатында қазылар алқасына ғалымдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар, конструкторлық бюролар, сондай-ақ министрліктер өкілдері қатарынан сарапшылар шақырылады.
«Жобалар Қазақстан Республикасының өзекті ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрғыдан алғанда тиімді әрі нәтижелі болуы тиіс», - деді Ф.Қуанғанов.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 8 000 000 теңге. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өтетін «Келешек» номинациясының жеңімпазына Қазақстанның ЖОО-нда грантта оқу мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларды тарту және жобаларды іске асыру мақсатында жастар инновациялар және бастамашылар Форумы өткізіледі. Форум аясында байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлер жобаларының көрмесі өтеді.
Онымен қоса, үздік идеялар халықаралық байқауларға жіберілетін болады. Инновациялық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне халықаралық байқауларға қатысуға көмек көрсетіледі.
Байқау шарттары nurotan.kz">nurotan.kz сайтында жарияланады. Қатысуға өтінімдер nurintech@nurotan.kz электрондық мекнжайға 2016 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.