Nur Otan партиясында кадрлық ауыс-түйіс болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне Омархан Өксікбаев тағайындалды. Бұл жайында аталған Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясының Лидері Н.Ә. Назарбаевтың ҚаулысыменОмархан Өксікбаев - партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылжөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павел Казанцев Партиялықбақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - жеп жазды ол.

Сонымен қатар,Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы фракциясы депутаттарының кәсібибіліктіліктері, табандылықтары, мемлекеттік және партия жұмысындағы молтәжірибелері аталған партиялық органдарды күшейтуге ықпал ететіндігіне сенімбілдірді.

Өксікбаев ОмарханНұртайұлы 1954 жылы 22 желтоқсанда Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылындатуған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітіріп, Францияда (Парижде)«Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды.Экономика ғылымдарының докторы. ҚР Президенті Әкімшілігі Бас бақылауинспекциясының басшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Республикалықбюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметтерінатқарған. 2016 жылғы 25 наурыз айынан бастап – алтыншы шақырылған ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялықпартиясының мүшесі. «Құрмет», «Парасат»ордендерімен медальдармен марапатталған.

Павел Олегович Казанцев1960 жылдың 22 наурызында Томск қаласында дүниге келген. Алтыншы шақырылғанҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Целиноградинженерлік-құрылыс институтын, Ф.Э.Джерзинский атындағы КСРО МҚК Жоғары мектебінбітірген. Әр жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының даму бойыншаменеджері, бағдарламаларды, іс-шараларды, сыртқы байланыстар мен коммуникацияныжоспарлау қызметінің жетекшісі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасыныңорынбасары болған. «Құрмет», «Ерен еңбек үшін» медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар