«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалына тұрғындардан түскен өтініш, арыздар саны 3 есеге артқан ? Д.Қалетаев

None
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау орындарына тұрғындардан түскен арыз-шағымдар саны өткен жылы алдындағы жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.
Бұл қалалық филиал жұмысының нақты нәтижесі және ол қалың көпшіліктің біздің партияға деген сенімінің көрінісі. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына мүше депутаттардың форумында партия төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы партия жүктеген міндеттерді абыроймен атқарып, көптеген жобаларды жүзеге асыруда. «Қазіргі таңда қалалық Мәслихаттың барлық депутаттары біздің партияның мүшесі. Ал биылғы жылдың басындағы көрсеткіштер бойынша елордадағы «Нұр Отан» партиясының мүшелері 23 мыңнан асыпты» дейді партия төрағасының орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, партия өкілдері ақпан айының соңына таман «Нұр Отан» партиясына мүше депутаттардың республикалық форумын өткізбек. Мұндағы мақсат ? партияның жергілікті атқарушы органдармен және депутаттық корпуспен бірлескен түрде кең ауқымда атқарып жатқан шараларын жұртшылыққа паш ету. «Жалпы партияның бағдарламаларының орындалу барысына жүргізілген сараптаулар негізінде айтатын болсам, партия сайлауалды уәделерін орындауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда республика тұрғындарының әл-ауқаты артып, инфляция деңгейі төмендеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлерінің айлық жалақылары 25 пайызға өсті. Сондай-ақ зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер көлемі де артып келеді» деді Д.Қалетаев.