Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.
«Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», - деді партияның атқарушы хатшысы.
Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.