деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Партия мүшелігіне өткендердің арасында іскер топ және БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен қоғам, спорт қайраткерлері бар.
Партияның билеттерін «Нұр Отан» ХДП-ның Үкіметтегі өкілі Владимир Дворецкий табыс етті.
«Нұр Отан» - нақты істердің партиясы. Мемлекетті басқаруда өз үлесімізді қосып, өз сөзімізді іс жүзінде орындайтын партия екендігімізді дәлелдеп келеміз. Сондықтан «Нұр Отан» қатарына қосылуға ниет танытып отырғандар баршылық», - дейді В.Дворецкий.
«Сіздердің мемлекетті құру ісіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенеміз», деп атап өтті ол.