Негізінен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «құқық бұзушыларға қатысты нольдік толеранттылық» жөніндегі тапсырмаларын орындау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.
Ведомствоның хабарлауынша, отырыста ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарына әкімшілік полицияның барлық қызметтері, соның ішінде Патруль полициясы полкі, табиғат қорғау полициясы, 5570 әскери бөлімі тартылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, қаладағы 7 жоғары оқу орны жанынан құрылған 110 студенттен тұратын жедел жастар отрядтары қатысады. Олардың қатысуымен жыл басынан бері тыйым салынған жерлерде темекі шегудің 203 фактісі, 79 бұзақылық жағдайы тіркелді.
«Қауіпсіз аула» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 58 тұрғын үй кешені бейнебақылау жүйелерімен жабдықталды, 40 аулаға ПИК есебінен бейнекамералар орнатылды.
Бұдан басқа, елордада 652 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, соның нәтижесінде үстіміздегі жылдың 9 айында 49 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 310 тәртіп бұзушы қамауға алынды. Бұл туралы astana.kz хабарлады.