Бақыт Аманжолұлы 1970 жылы 4 сәуірде Щучинск қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, үш жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1997 жылы «Старт» ЖШС-да бас директор лауазымынан бастады.
2008 жылы Көкшетау қаласының әкімі.
2010 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі.
2012 жылы «Индустриялық-инновациялық даму» Қазақстан қорының вице-президенті.
2017 жылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде болды.