«Осыдан 550 жыл бұрын тарих сахнасына шыққан халқымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында әлем мойындаған заманауи мемлекет құрды. 20 жыл бұрын барша ұлт пен ұлысты байырғы қазақ жерінде өзара ынтымақ пен келісімге ұйытқан Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды», - деді Б.Байбек.
Сондай-ақ, ол: «Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы тарихи Жолдауында «Нұрлы Жол» бағдарламасын жариялады. Бағдарламаны іске асыруда, бөлінген қаржының ел игілігіне шашаусыз жұмсалуын қадағалау «Нұр Отан» партиясының айрықша міндеті», деп атап өтті.