***
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік магистранттарына Назарбаев стипендиясы мен төсбелгі тапсырды. Назарбаев стипендиясы - еліміздегі ғалымдар мен педагогтардың еңбегіне тың серпін беру мақсатында еліміздің жас магистранттарына алғаш тағайындалған. Онда Елбасы «Тарихи 20 жылдық елдің есінен еш уақытта ұмытылмайды. Қазақстан Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі кездескен барлық қиындықты үлкен күш-жігермен еңсерді. Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыс, 2008-2010 жылдардағы аса ауыр қаржылық-экономикалық дағдарыс әлі де жалғасуда. Еуропа бұл қиындықтың әсерімен әлі де күресу үстінде, - деп атап көрсетті. Кездесу барысында көтерілген мәселелер «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Терең білім елді еңселі болашаққа бастайды» деген тақырыппен жарияланды.
Сондай-ақ аталмыш басылым әйгілі ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен болған сұхбатты жариялапты. «Онда ғарышкер Желтоқсан оқиғасы намыстың оқиғасы болды ғой. Басқасын былай қойғанда, күнделікті өмірде - дүкендер мен мекемелерде, мәдени орталарда орыстардың қазақтарға қырын көзбен қарауы болғаны жасырын емес. Халықтың арасына сызат түсті. 1987 жылы 23 ақпан күні - Қызыл армияның құрылған күні қарсаңында мен 1986 жылғы қарашадағы әскери тапсырманы үздік орындауыма байланысты Кеңес Одағының Батыры атағын алуым керек еді. Горбачевтің көзі тірі, КСРО-ның ең озық ойлы азаматтары қол қойған ұсыныс құжатқа пысқырмай, «қазақтың аты жазылған» деп лақтырып жіберген», -деген ойымен бөліседі. Бұл сұхбат «Егемен Қазақстан» басылымының бетінде «Қазақтың намысы екенімді ұққан күнім...» атты тақырыппен жарияланды.
***
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында 2020 жылға дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнесті4 үлесін 40 пайызға жеткізу туралы міндет жүктеген болатын. Отандық бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің хал-жағдайына жалпы еңбек нарығындағы жағдай не болмаса бюджеттің толығуы, сондай-ақ кең ауқымды мемлекеттік жоспарлардың орындалу тиімділігі де тікелей байланысты. Сол себепті бизнес климатты жақсарту, кәсіпкер құқықтарын қорғау, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері үнемі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бақылауында болады. Бұл мәселе «Айқын» басылымының бүгінге санында «Нұр Отанның» жаңа бағдарламасы шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді» атты тақырыппен жарық көрді.
«Қазақ және Жапон тілдерінің грамматикалық ұқсастықтары баршылық. Сондықтан маған қазақ тілін меңгеру өте оңай болды. Ал «әдістеме, сапалы оқулықтар жоқ» деу бос сөз, тіпті сылтау дер едім. Бәлкім Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, ел еңсесін енді көтеріп жатқан кезде әдістемеліктер жеткіліксіз болған да шығар. Бірақ қазір жаңа заманға сай әртүрлі әдістемелер, оқулықтар, тіл үйретететін білікті де сапалы мамандар жеткілікті»,-деді Қазақ-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының оқытушысы Масуджама Шигенобу.
Бұл сұхбат «Айқын» басылымының бүгінгі санында «Мемлекеттік тілді бір жарым жылда меңгеріп алдым» атты мақалада.
***
«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының «Сарапшы» клубының алғашқы мәжілісі өтті. Онда биылғы жылы Маңғыстауда болған мұнайшылардың көтерілісіне қатысты мәселе сөз болды. «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен құрылған аталмыш клуб мұнайшылар жөнінде не дейді. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымының бүгініг санындағы «Открытый диалог» атты мақалада.