Нұр-Сұлтан әкімдігі елорданың үздік әнұранын анықтау жөніндегі байқауды қайта жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Султан қаласының әкімдігі елорданың үздік әнұранын анықтау бойынша шығармашылық байқауды қайтадан жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл байқау жастарды патриотизм сезімінде тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау,сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатындаөткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өз жұмысын кәсіби және әуесқойкомпозиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, сондай-ақреспублика тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 8 шілдесінен10 тамызына дейін жүргізіледі. Гимн кез келген жанрда және әртүрліорындаушылар үшін жазылуы мүмкін.

Байқауға қатысқысы келетіндерНұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 10 тамызынанкешіктірмей мына материалдарды тапсыруы керек:

1. Толтырылған өтінім.

2. CD-форматында алдын-алатаңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы.

3. «Нұр-Сұлтан қаласыныңГимні» мәтіні А4 форматындағы 1 беттен (4-5 шумақтан) аспауы тиіс жәнеэлектронды түрде BAIKAU.KZ@MAIL.RU поштасына жолдау қажет.

Байқауға бағытталған Гимн бұрын жарияланбауы тиіс және оның сөзінде республиканың астанасынарухани, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеялары көрсетілуі керек. Қазылар алқасы белгілікомпозиторлардан, ақындардан, және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады.Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпенмарапатталады.

Байқауға бұрын жіберілгенГимннің мәтіндері қайта қабылданбайды.

Құжаттар мына мекенжай бойыншақабылданады: Бейбітшілік көшесі, 528 кеңсе, «Үздік гимн» номинациясы бойынша.Сол сияқты 55-66-30 нөмеріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар