«Мәдениет және спорт басқармасына қосымша 110,9 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 33,5 млрд теңге тарихи-мәдени мұралардың сақталуын қамтамасыз етуге, ескерткіштерді ағымдық жөндеуге жұмсалады. «Театр және музыка өнерін қолдау» 008 бағдарламасы бойынша 14,3 млн теңге «Мемлекеттік академиялық филармония» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жарылған су құбырын жөндеуге беріледі. Қала кітапханаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 5 млн теңге бөлінеді», - деді ол.
Айта кетерлігі, қалалық мәдениет және спорт басқармасының биылғы мәдени және ойын-сауық шараларын өткізуге арналған шығыстары 1 млрд 158,4 млн теңгеге қысқарып отыр.