АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – SCAT әуе компаниясының ұшағы «Нұрсұлтан-Алматы» рейсін орындау кезінде құспен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Рейсті орындау кезінде экипаж бөгде шуылды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Ұшақ экипажы Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», - деп хабарлады компаниядағылар.
Ұшақты тексеру кезінде құстың іздері анықталды. Әуе кемесі бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.