Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласында жаңа ХҚО ашылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде үш мегаполисте жаңа халыққа қызмет көрсететін орталықтар ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жаңа фронт-офистерхалық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегіхалықтың өсуі жедел шаралардың қабылдануын талап етеді. Жарты жылдың өзінде Алматымен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетілген. Тамыз айыныңсоңына дейін біз астанамыз бен Алматыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсетуорталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағыХҚО бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандырды», – деп жазды ӘсемгүлБалташева.

Оған қоса,еліміздегі мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласындаалтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағыбір-бір орталық іске қосылады. Әсемгүл Балташеваның айтуынша, жаңа орталықтар тамыз,қыркүйек аралығында ашылады.

«Ең үлкен көлік базарыосы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып,жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстандакөлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызыАлматыға тиесілі», – деп атап өтті Ә.Балташева.

Оған қоса жазбадаШымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО іске қосылады делінген. Осылайша, бұлшаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгінде Қазақстанда328 фронт-офис жұмыс істейді, көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай олар ХҚО,цифрлықХҚО, көші-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жіктеледі. Жылбасынан бері алты ай ішінде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетілген.

Естеріңізге салакетейік, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдайжасау үшін жаңа ХҚО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкіндігінқарастыруды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар