КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында «Газель» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жайында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.
Маусымның 4-де сағат 20:24 шамасында «Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында, яғни Целиноград ауданының Төңкеріс ауылы маңында «Газель» көлігі өртенген.
Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады.
«Өрт сағат 20:45 шамасында ауыздықталып, 20:50 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.