«Бүгін таңғы сағат 08:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автомобиль жолының (Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы шекарасы аралығындағы 16-200 шақырым жол учаскесі) автожол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жол қозғалысына шектеу қойылған болатын.09:59, 04 Ақпан 2021
«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолы ашылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолы ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды.