«Бүгін Варшавада «IATA Global Airport and Passenger Simposium» конференциясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған «ЭйрАстана» және «Скат» әуекомпанияларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияның қатысуымен IATA-ның 763 резолюциясына Қазақстан бастамашылық еткен өзгерістер пакеті мақұлданды. Соның негізінде «Нұр Сұлтан» халықаралық әуежайының коды IATA рәсімдері мен стандарттарына сәйкес өзгертілетін болады» деп жазылған ведомствоның Фейсбуктегі хабарламасында.
19:24, 14 Қазан 2019
Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының коды өзгереді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IATA Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының кодын өзгерту туралы түзетуді мақұлдады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.