Нұр-Сұлтан қаласында 2 мыңға жуық жолаушы автобустың жолақысын төлемеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл басынан бері 2 мыңға жуық жолаушы автобустың жолақысын төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Жолаушы тасымалы компаниясының мәліметінше, жыл басынан компания қызметкерлері жол ақысын төлеуден бас тартуға қатысты 2 мыңға жуық жағдайды анықтаған.
«Көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік саласындағы негізгі мәселелерді талқылау және халыққа қызмет көрсетуді жақсарту үшін тұрақты түрде кеңестер өткізіп тұрады.
КБД қызметкерлері жол ақысын төлеуден бас тарту жағдайын, тасымалдаушы тарапынан жасалатын жұмыс тәртібі мен жол жүру ережесін бұзуды анықтайды», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, қоғамдық көлікте жол жүру ақысы тек көлік картасымен, SMS, QR-код арқылы төленеді.