Нұр-Сұлтан қаласында аса ірі көлемдегі есірткі заты тәркіленді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасымен елорда территориясына есірткі жеткізіп және сатумен айналысқан тұлғаларды ұстау операциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда аумағына есірткі жеткізу және таратуканалының жолын кесуге бағытталған жеделіздестіру іс-шаралары барысында Есенберлин көшесінің бойында бұрын сотталған азамат ұсталды. 43 жасаркүдікті, Қарағанды облысының тумасы, оны тексеру барысында 1000 рет қолдануғадайындалған 200 грамнан астам есірткініңауыр түрі «героин» табылып, тәркіленді. Аса ірі көлемдегі уытты заттың қарабазардағы құны үш миллион теңгеден. Сонымен қатар, жүргізілген жедел іздестіруіс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласыПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Қарағанды-Нұр-Сұлтан бағыты тас жолындағы «Рубеж» бекетінде есірткі құралдарын жеткізу каналының жолы кесілді.

Ағымдағыжылдың 1 тамызында 37 жасар Жамбыл облысының тұрғыны 13 килограмм «гашиш» есірткі затын Нұр-Сұлтан қаласына алып өтпекболған. Қазіргі уақытта күдіктілерНұр-Сұлтан қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш фактілербойынша бойынша сотқа дейінгітергеп-тексеру жүргізілуде.

Жоғарыдакөрсетілген тәркіленіп алынған есірткі заттарын күдіктілер елорда аумағында таратпақболған. Есірткі сатушылардың қылмыстық байланысы мен сату орнын анықтаубарысында әрі қарай іс-шаралар жүргізілуде.

Жыл басынанбері елордалық полиция қызметкерлері есірткі құралының заңсыз айналымынақатысты 82 ауыр және аса ауыр қылмысты анықтады. Ағымдағы жылы ҚР ҚК 297 бабы бойынша, яғниесірткі сатқаны үшін 50 факт анықталды. Заңсыз айналымнан 82 килограмм 118 грамм есірткі заты алынса, оның ішінде 2 килограмм 515 грамы- «героин».

Соңғы жаңалықтар