Нұр-Сұлтан қаласында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 шілдеде Нұр-Сұлтанда #Birge #TazaQazaqstan қалалық экологиялық акциясы өтеді.

Акция аясындаәуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасуөзендерінің жағалауы тазаланады. Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын,еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлықмүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады.

Қатысушылардыжинау және автобустарға отырғызу 9.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, «Astana MusicHall» мейрамханасының тұрағында өтеді. Акцияның басталуы 10.00-де.

Ұйымдастырушылардыңайтуынша акцияға 1000-нан астам адам қатысады, олардың арасында «РОП» ЖШС,Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, БҰҰДБ, «Жас Отан»еріктілері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің барлық басқармаларының қызметкерлері,сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері бар.

Естеріңізге салакетейік, 20 шілде күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғиресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналғанэкологиялық акция өтті.

Елорданың суқоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттікоргандардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындарыныңда, бүкіл Қазақстанның қолдауына ие болды. Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қояндысу қоймасында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 1200-ден астамадамды қамтыды. Оның аясында 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Нұр-Сұлтанқаласының әкімдігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіменелорданың айналасындағы су нысандарын тазартудың асыл миссиясын жалғастыру үшінэкологиялық эстафета алды және 2019 жылдың 27 шілдесінде экологиялық тазартуформатында акция өткізеді.

Соңғы жаңалықтар