Қалалық штаб емхана мен ауруханаларда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің тамақтануын ұйымдастырды, ал City Transportation Systems (CTS) компаниясы оларға көлік бөлді. Бұл қызмет түрінің бәрі медицина қызметшілері үшін тегін түрде жүзеге асырылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтқан болатын.