НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай елорда ардагерлеріне 1 млн теңге сомасында бір реттік төлем беру басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында қалада соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төлемдерді аудару басталды», - деді Б. Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол бүгінде қалада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 44 ардагер тұрып жатқанын еске салды.
Сонымен бірге, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.