Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға ұшақ апатты жағдайда қонды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сания (Қытай)-Нұр-Сұлтан бағдары бойынша ұшақ апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгін Scat әуе компаниясының Сания (Қытай)-Нұр-Сұлтанбағдары бойынша VSV464 рейсін орындауға ұшқан B757 әуе кемесі сағат 16.58уақытында шұғыл қонды. Сания әуежайының диспетчерлік қызметінің алдын алаберген ақпаратына сәйкес, резеңкенің қалдықтары анықталған. Әуе кемесіне белгісіз зат соғылып, шассидің сол жақ негізгі тағанынтірейтін артқы дөңгелектің жоғарғы қабаты тілінген», - депхабарлады ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен.

Scat әуе компаниясы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайының жердегіқызметімен әуе кемесінің қауіпсіз қонуын қамтамасыз ету бағытында әрекет еткен.

«Ұшақ жерге қауіпсізқонды. Экипаж құрамында 7 адам, жолаушылардың саны 234 болған. Қазіргі уақыттаҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу бойынша басқарманыңкомиссиясы тергеу жүргізіп жатыр», - деді Комитет.

Соңғы жаңалықтар