Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жаңа форма киді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында елімізді дамытуға ықпал ететін прогрессивті реформаларды айқындады.
«Қазақстан полициясының сервистік моделі» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Үрдістерді оңтайландыру негізінде «Тиімді учаскелік полиция инспекторы» моделі құрылады.
«Жұртқа жақын полиция» қағидатымен полицейлердің халықпен үнемі байланыста болуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында цифрлық инновацияны енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Өзгерістің келесі қадамдарының бірі - қызметкерлердің нысанды киімге көшуі.
Тәртіп сақшыларына арналған жаңа үлгідегі киімді әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі.
Полицейлерге арналған киім үлгісін әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оларға барынша ыңғайлы әрі қолайлы етіп жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Учаскелік полиция инспекторларына арналған жекелеген нысанды киім әзірленген.
Жетондар, эмблемалар, жұлдыздар және кокардалар тоқыма маталарға ауыстырылған.
Осы ретте барлық сұлбасы бойынша жарық шағылыстыратын элементтерге ерекше көңіл бөлінген, бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.
«Жаңа нысанды киім бұрынғысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ең бастысы қызмет атқаруға өте ыңғайлы және жайлы. Учаскелік полиция инспекторы халыққа, қоғамға қызмет етеді, халықпен тығыз жұмыс жасайды, құқық бұзушылықты анықтаумен және оның алдын алумен айналысады. Сондай-ақ, қылмыскерді ұстауға қатысады. Ол үшін тиісті киім болуы керек. Жаңа нысанды киім осыған сәйкес келеді», – дейді «Сарыарқа» ауданы ПБ №66 УПП учаскелік полиция инспекторы Нұрдаулет Таңатаров.