Айта кетейік, 16 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурызда еліміздің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілді. Шаһарлардың маңына блок-бекеттер орнатылып, келіп-кетушілер қатаң тексерістен өтетін болды.
Кейіннен әкімдік тұрғындардың екі қалаға кіріп-шығуына 72 сағат уақыт берді. Осылайша толық карантин 22 наурыздан бастан енгізілетін болып шешілді.
Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда 54 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 29, Алматыда – 22, Қарағандыда – 2 және Алматы облысында 1 жағдай тіркелген.