«Осы күрделі кезеңде аса маңызды жұмыс атқарып жатқан волонтерлер қызметін ерекше атап өткім келеді. Мысалы, тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының өзінде олар мыңға жуық көмек акциясын өткізіп, 30 мың адамға жәрдем берді. 8 мыңдай отбасына азық-түлік апарды. Осы екі қаланың өзінде волонтерлер мұқтаж адамдарға 200 мыңға жуық медициналық маска таратты», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің барлық өңірінде еріктілер дәл осындай мұқтаж адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезекті қажетті заттарын апарып беруде.